2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық есебі » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июль
2023

2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» КММ

2022-2023 оқу жылында атқарылған  тәрбие жұмысы бойынша сараптама

Тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

      Тәрбие жұмысын реттеуші нормативті құжаттар негізінде және қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін 2022-2023 оқу жылына мектептің тәрбие жұмысының жоспары құрылды. Әрбір сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен келісіліп, бекітілген, тәрбие жұмысы тәрбиенің барлық приоритетті бағыттарын қамтитын тәрбие жоспары әзірленді:

  1. қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
  2. рухани-адамгершілік тәрбие;
  3. ұлттық тәрбие;
  4. отбасылық тәрбие;
  5. еңбекке, экономикалық, экологиялық тәрбие;
  6. көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
  7. интелектуалды тәрбие және  ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
  8. дене шынықтыру мен салауатты өмір салты.

       Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі патриоттық тәрбие болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелерге байланысты барлық атаулы шаралардың маңызы бар: ҚР-дағы  Тілдер  күні, 25-қазан Республика күні, Тәуелсіздік  күні. Азаматтық пен қазақстандық партиотизм сезімін тәрбиелеуді қалыптастыру мақсатында барлық салтанатты шаралар Қазақстан Республикасының  Гимнін орындаумен басталды. ҚР-дағы Тілдер күніне дайындалу мен өткізуге мектептегі қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері қатысты. Пән апталықтары жақсы тәрбиелік потенциалмен өткізілді.25-қазан Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, толықтай жүзеге асырылды.Мақсаты-білім алушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Республика күні мерекесі қарсаңында «Менің туған өлкем» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі Ғ.Абикенова мен Г.Молдакасымованың ұйымдастыруымен қолөнер көрмесі өтті.

Ол жерде мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары көрсетілді.Балалар өз жұмыстарын Қазақстанның табиғатына, Астананың әсем жерлеріне, республикамыздың байлығына арнады. Өткізілген барлық шаралар жоғары деңгейде өтті, балаларға қазақстандық патриотизмді, өз республикасына деген сүйіспеншілікті, өз халқының көшбасшысына, Президентіне деген құрметті үйретуге мүмкіндік жасады. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу тақырыбын жалғастыра  отыра, азаматтық патриотизм мен өз халқының тарихын құрметтеу сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілген Тәуелсіздік күніне арнаған шаралар болды. Қазақстан Республикасының құрылған жолдары туралы, 

Қазақстан Республикасының өткені мен қазіргі кезі туралы ұғымдарын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылықты дамыту  мақсатында 8-10-сыныптар оқушылары үшін тарих сабағы өткізілді.Балалар барлық шараларда Отан туралы әндер орындап, тақпақтар оқып, флешмоб дайындады. Оқушыларға арналып өткізілген шаралардың барлығы оқушылардың жас ерекшеліктері мен психолого-педагогикалық ерекшеліктері ескеріліп дайындалып, тиісті деңгейде өтті. Онкүндік мектеп ұжымына арналған салтанатты жиналыспен аяқталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге арналған барлық жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі отырысы айына бір рет өткізілді.Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің негізгі міндеттері: кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуына,қылмыс жасауына,құқық бұзуына,қоғамға қарсы іс-әрекет жасауына себеп болған жағдайларды анықтау және жою,қәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,әлеуметтік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту,кәмелетке толмағандардың қылмыстық және қоғамға қарсы істерге қатысуын анықтау және жол кесу. Биылғы оқу жылында  ОДН есебінде,сәтсіз отбасы ретінде тіркелген оқушы болмады. «Құқықбұзушылық, қылмыс, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу» айлығы аясында арнайы жоспар бойынша іс-шаралар өтілді.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты,қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Жасөспірім» рейді каникул күндері,мейрам күндері ұйымдастырылды. Мектебімізде «Сенім» телефоны, «Сенім» жәшігі қызмет етеді.Бұл қызмет бойынша тіркелген хаттар мен қоңыраулар болмады.Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Жасөспірім және қылмыс», «Бопсалау-заңға қайшы әрекет»

тақырыптарында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесулер өтті. Кездесуге Шелек АІІБ ЖПҚБ-ң ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры Е.Құрамаев қатысты. Тоқсан сайын өтілген ата-аналар жиналысында «Әр бала үшін» тақырыбында  балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға презентация арқылы кеңестер берілді.Буллинг,кибербуллинг туралы видероликтер көрсетіліп,пікірталас орнатылды. Сонымен қатар осы тақырыпта ата-аналардан мектеп психологтары сауалнама алды.«Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарының алатын рөлі»тақырыбында баяндама талқыланды.«Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтілді. Жеңімпаз деп танылған 7 оқушы  мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.Мектеп психологтары Н.Сулейманова,М.Сандыбаева «Өмірдегі өз ағысыңды тап!» тақырыбымен 8-9 оқушыларымен тренинг өткізді. Тренинг соңында жеткіншектерге арналған ескертпелер таратылды.Қорытындысы бойынша оқушылардың барлығы зорлық зомбылық туралы ешқандай қиындық көрмегендері туралы, оларға ешкім қиындық көрсетпегендіктерін,өз өздерін қорғай алатындықтары байқалды.Сондай-ақ білім беру саласында буллингтің алдын алу бойынша 8 сағаттық курстан 27 мұғалім өтіп,сертификатталды. Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің басты құдылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек ету керек.Қоғам үшін ең бастысы тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке,әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету.

        Биылғы оқу жылында педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі отбасымен қарым-қатынас жасап, ата-аналарды мектептгі тәрбие үдерісіне тарту, «ата-аналар – балалар – мұғалімдер» атты бірыңғай тәрбие кеңістігін құру болды. Отбасылық тәрбие мен ұлттық тәрбие бір-бірімен өзара байланысты. Жұмыстың негізгі түрі – бұл жиналыстар, жеке кеңес берулер, ертеңгіліктер және бірігіп дайындалған шаралар болды.  Ата-аналар бір жыл бойы мектеп өміріне белсенді  түрде  қатысып, Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жұмысы белсендендіріле түсті. 

 

 

"Отбасы-бақыт мекені", "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз.Жанұяның береке-бірлігі-әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы.Өйткені,ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің.Отбасы-ол да бір шағын ғана мемлекет.Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша,оны отағасы,ол болмаса отанасы, одан қалса,үлкен аға не әпке басқарады,олардың сөзін,ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болу үшін,ең бастысы,өзгелерді,оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.Осы мақсатта қыркүйек айының 12-жұлдызында 1-11 сынып білім алушылары арасында "Отбасы-бақыт мекені" деген тақырыппен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. «Отбасы апталығы» аясында «Отбасы бақытты ел бақыты» тақырыбында суреттер көрмесі,Отбасы күніне арналған оқушылардан бейне құттықтаулар, ата-аналарға онлайн режимінде «Рахмет айту» челленджі жақсы деңгейде өтілді.

 

 

 Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клуб жетекшісі болып тарих пәнінің мұғалімі А.Мухадиева тағайындалды. Қыркүйек айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп-клубының жаңа мүшелерін,яғни 15 оқушыны салтанатты қатарға қабылдауға слеті өтілді

 

 


Мектеп басшысы слеттің салтанатты бөлімінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу басты орын алатын адамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі - білім беру үдерісі екенін оқушыларға атап кетті. Мақсаты: азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге  жасампаздықпен  қарауға тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың арасында  мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары  мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және  күнделікті  қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату.

        Мектебімізде «Самғау» дебаттық клуб құрылған.Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Т.Шажабаева. Дебат ұйымының белсенді мүшелері Лидер: Нұрлан Айділда Спикер: Мұқиатқызы Ұлар қараша айында  Шелек өңірі Еңбекшіқазақ ауданы Пікірсайыс лигасының аймақтық кезеңінде қазақ лигаларында ұйымдастырылған "Жаңа Қазақстан жастары" аймақтың турнирінде жүлделі 1-ші орынды иеленді.«Жаңа Қазақстан жастары» атты мектеп оқушыларының аудандық пікірсайыс турнирінде  "Самғау" фракциясы 3-ші орынды иеленді. Райымбек батырдың ерлігін насихаттау, аудандағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, қолдау мақсатында  «Мәңгілік ел алыбы-Райымбек батыр" атты аудандық пікірсайыста клуб мүшерлері Болатбек Айым, Оқас Амина қатысып сертификатпен марапатталды. Дебат жетекшісі Т.Шажабаева аудандық Алғыс хатпен марапатталды. Қаңтар айында «Жаңа Қазақстан жастары»атты тақырыпта мектебімізде үш команда құрылып,өзара пікірсайыс ұйымдастырды.Лидерлері Тимурқызы Динара, Абдрахман Нұрсұлтан, Жақыпбай Алижан, спикерлері Оспан Каусар,Оқас Амина,Болатбек Айымның білімдері мен белсенділіктерін атап айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

           Көп мәденетті және көркем-эстетикалық тәрбие балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын дамытуға негізделген. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қамтылуын ұйымдастыру үшін мектепте қызығушылықтар бойынша үйірме жұмысы ұйымдастырылған. Мерекелік жағдай жасау, балаларға қуаныш сыйлау, әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында Жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. Кіші буынға арналған  Шырша мерекесі  жоспарланған сценарий бойынша өтті. Оған мектеп педагогтары жұмылдырылды. Шара тақырыбы толығымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  болды. Өткізілген шара нақты түрде ұйымдастырылып, жауаптылардың әзірлеген бағдарламасына сәйкес болды. Балалар  шыршаны айналып, Аяз атаға тақпақтар айтып, кәмпиттер алды.

 

 

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша оқушылардың қабілеттерін ашу мен олардың шығармашылыққа және өз таланттарын жүзеге асыруға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында мектепте күз мерекесі өткізілді.«Берекелі, мерекелі - Алтын күз»  атты күзгі бал байқауы, «Жігіт сұлтаны-2023», «Көктем аруы-2023» байқаулары буындар арасында өтілді

 

 

 

 

 

 

 

     Биылғы оқу жылына «Инабат» қыздар ұйымы мен «Қыран» ұлдар кеңесі жоспарға сай жұмыс жасады.Қыздар кеңесінің жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Ғ.Абикенова,ұлдар кеңесінің жетекшісі АӘД пәні мұғалімі А.Сыдықбаев.Қыздар ұйымының төрайымы 10-сынып оқушысы Нұркенова Тоқжан. Сондай-ақ, әр сыныптың қыздар жұмысын жүргізушісі тағайындалып, сынып қыздарының жан-жақты  тәртібіне назар аудару мақсатында жұмыстар жүргізілді. Қыздар жиналысы барысында түрлі тақырыптарда баяндама оқылып, мектеп ішінде қыз балалардың мінез-құлқы,оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны жайында сөз қозғалды. Қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен сабақтастыруға бағытталған сұрақтарға әр сыныптан белсенді қыз балалар өз ойларын ортаға салып отырды.Мектеп аясында құрылған аналар мен әжелер мектебін білім шаңырағының мәдени-қоғамдық өміріне тарта отырып, қыз балаларды отбасылық құндылықтарды қастерлей білуге, адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру және аналармен бірлесіп қоғамның, отбасының өзара тәрбиелік ынтымақтастық іс-қимылын үйлестіру мақсатымен «Тәрбие –тәртіп»,«Қыз өмірдің қызғалдағы»,«Қыздың ұяты - ұлтыңның намысы», «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында дөңгелек үстелдер болып өтті.«Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген мақсатпен сабаққа себепсіз  келмей қалатын және кешігіп келетін қыз балалармен жеке жұмыстар жүргізілді.Мектеп медбикелері «Біле жүріңіз» тақырыбында қыздар гигиенасы төңірегінде кеңестер мен  ерте жүктіліктің алдын алу ескертулерді айтып, жеке бас гигиенасына байланысты жасөспірім қыз балаларға өз өмірінің тәртібі мен стилін құру өз қолдарында екені туралы ақыл-кеңес беріп отырды.

 

 

 

 

 Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жұмыстар да өз деңгейінде жүргізілді. Жобаның мақсаты: оқу мәртебесін,оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру,балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту,сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани –адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

 

 

 

 

«Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек". Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті атқарады. Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық.Мектеп кітапханасы шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік іс-шараларды өткізуде, оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбиелік жұмыстарына көмектеседі. Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» және «Коворкинг» бұрышы,электронды кітаптар әлемі, «Жаңа кітап – жаңа әлем» көркем әдебиеттері, ұлы дала ұстазы Ы.Алтынсарин , алаш арысы А.Байтурсынов, «Бақыт деген сенің бала күндерің» бүлдіршіндер бұрышы ұйымдастырылған. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемеліктер, электрондық оқулықтар бұрышы, сонымен бірге мерзімді басылым журналдар мен тақырыптық папкалар бар. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бірнеше ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.Атап айтсақ,«Көңілді оқырмандар» клубының қатысуымен «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында еркін тақырыпта кеш өтті. Кеш қонағы ретінде келген Шелек модельді кітапханасының қызметкері Мадина Бақытқызы Үмбетова сөз алып,бұл жолғы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айта келіп,осы мектептің  оқушыларының кітапханаға өте көп келетінін,кітап оқуға ерекше белсенді екендіктерін айтып,алдағы уақытта «Көңілді оқырмандар клубымен» бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін айтты.Сондай-ақ Шелек тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Қуанәлі Алмасбекұлы аталған шараның өтілуі туралы,жалпы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында осы уақытқа дейін көрсеткен мектеп оқушыларының жетістіктері туралы облыстық «Алатау арайы» газетінде және аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде  «Оқырмандар клубы» атты мақаласын жарық көрді. Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау,олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып,жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2023  жылдың  5-мамыр күні "Туған өлке-тұлғалары"атты кездесу кеші өткізілді.Кездесуге Шелек ауылдық мәдениет үйінің  директоры мәслихат депутаты Беков Ринат Бақытжанұлы, Шелек ауылдық мәдениет үйінің  көркемдік жетекшісі әнші Сқақова Қалбүбі Қыдырбекқызы,ата-ана комитетінің төрағасы Кулбенова Гүльнар,үздік оқырман отбасы,көп балалы ана Серікжан Халида келді.Кездесуге мектеп әкімшілігі,мұғалімдер және "Адал ұрпақ"клубы, "Өзін-өзі басқару"ұйымының оқушылары да қатысты.

23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 5-9 сыныптар арасында  «Мен және менің отбасым оқитын кітап» тақырыбында челлендж ұйымдастылды.Челлендж барысында  7»б» сынып оқушысы Серікжан  Даулеткелді  және 7 «а» сынып оқушысы Бейсенбей Ақерке оқитын отбасының үздіктері ретінде танылды.Оқу жылында үздік кітап оқыған оқырман оқушылар:Нұрлан Айділда,Турсын Мадина,Тимурқызы Динара,Мұқиятқызы Ұлар,Серікжан Даулеткелді,Серікжанқызы Қанымбүбі,Кәрім Ақниет,Бақытәлі Еркінге алғыс айтуға болады.Ендеше оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете берейік.

           2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде  өткізілуде.Акцияның ұраны: мектепке жол-шекарасыз жақсылық.Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға,жетім балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың  мектепке келмеуінің алдын алу. Тамыз айында сынып жетекшілер көмек қажет ететін оқушылардың тізімі анықтап, ата-аналардың өтініштерін жинақтады.Оқу жылының басында Шелек ауылында орналасқан мекемелерге «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан сұраныс хаттар жіберілді.«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан 473950 теңге көлемінде мектепте оқитын тұрмысы төмен отбасынан шыққан 26 оқушыға киім-кешек, оқу құралдары мен қажетті керек жарақтар берілді.ЖБББ қорының есебінен аудандық білім бөліміне жетім,жартылай жетім,аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан,көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 142 оқушыға мектеп формасымен, мектепке қажетті құрал жабдық алуға 37389 теңге қаржылай бір реттік көмек берілді.

 


Мектепте  сабақ кезінде ыстық тамақты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін асхана жұмыс істейді. Ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.Бракеражды комиссия бекітілген ережеге және арнайы жоспарға сәйкес жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары кестеге сәйкес тамақтандырылады. Бекітілген кестеге сәйкес, мектеп асханасында тәртіпті сақтау үшін мектеп әкімшілігінен кезекшілік құрылған. Жалпыға бірдей білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтудың жалпы сұраныс бойынша пайызы - 100% орындалды (215 оқушы).