2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ ережелері » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ ережелері

Қазан айының 13-жұлдызында "Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп" КММ-де 11-сынып білім алушыларын 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ ережелерімен мектеп директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары С.Ш.Каипбаева таныстырып өтті. ҰБТ тапсыру кезінде бейіндік пәндер комбинациясын дұрыс таңдау жасауын, тыйым салынған заттарды пайдаланбау керектігі, тестке қатысушыны қолдау үшін жасалған жағдайлар туралы, жалпы-210 минут уақыт берілетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, шығармашылық бағытта тест тапсыратын оқушылар 3 пәннен яғни, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихынан берілетін тапсырмалар саны айтылды. Қазақстан тарихынан-20 тапсырма, оқу сауаттылығы-10 тапсырма, математикалық сауаттылық-10 тапсырма, бейіндік пәндер бойынша-40 тапсырма болатындығы айтылды.