Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану
18
январь
2024

Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану

18.01.2024ж “Масақ орта мектебі”КММ көркем еңбек пәні бойынша семинарға “Ы.Алтынсарин атындағы N1 орта мектебі”КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Г.Абикенова қатысты.
Тақырыбы: Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану.
Мақсаты: Инновациялық технологияларды сабақта тиімді пайдалану әдістерімен белсенді тәжірибе алмасу, талқылау, ынтымақтастық орнату.
1.”Көңілді оркестр” тренингін мектеп психологы семинарға қатысушылармен өткізіп, жағымды ахуал ұйымдастырды.
2.Аудандық білім бөлімі нің әдіскері З.Тультаеваның кіріспе сөзінен кейін бейнелеу өнері пәндері бойынша ашық сабақтарда түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем еңбек, музыка, жаратылыстану пәндерімен пәнаралық байланыс және оқушылардың өзара қарым-қатынасы, білім-білік дағдыларын қолдану арқылы сабақ түрінде оқу кеңістігін құрды.
3. Көрмеде оқушылар шығармашылық жұмыстарының жасалу технологиясымен таныстырды.
4.Ұлттық киімдер топтамасын мектеп мұғалімдері мен оқушылар көрсетіп, қатысушыларды тәнті етті.
5.”Сый кәде” шебер сынып көркем еңбек пәні мұғалімі А.Кулманованың ұйымдастыруы арқылы жас мамандардың қатысуымен көрсетілді.
Қорытынды: “Масақ орта метебі” КММ көркем еңбек пәні бойынша ұйымдастырған семинарда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың нақты мақсаттарын айқындап, күтілген нәтижеге қол жеткізілді.