"Екі жұлдыз" байқауы » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2022

"Екі жұлдыз" байқауы

Мектебімізде 2022 жылдың наурыз айының 7-жұлдызында «Екі жұлдыз» ән байқауының бірінші кезеңі өтті.   Жарыс талабына байланысты 1 оқушы мен  1  мұғалім жұптасып ән шырқауы керек. Сондай-ақ, мұғалім музыка пәнінің оқытушысы емес, өзге пән мұғалімі болуы тиіс.  Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар эстрадалық  ән айтса, екіншісінде дәстүрлі әндерді шырқайды. 

Ән байқауының жүргізушілері ДТІЖО Н.Наурызбекова мен музыка пән мұғалімі А.Бұтақбай болды.  Әділқазылар алқасы мүшелеріне Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қ.Қ.Ысқақова  және мектебіміздің денешынықтыру пән мұғалімдері М.Найманов пен Т.Тлепбергенов кірді. Олар басты үш шарт бойынша бағалады: ән айтуы, актерлік шеберлігі және сырт көріністері. Байқау қонақтары мектеп ұстаздары мен оқушылары.

Байқау қорытындысы бойынша барлық жұптар әділ бағаланды және  келесі кезеңге өтті. Қатысушылар арасында өз өнерімен таң қалдырғандар да болды. Сонымен қатар, ән айту мен көрініс көрсету барысында сынға ұшыраған жұптар да болды.  Екінші кезең сол қатысушыларға қателіктерін түзетуге үлкен мүмкіндік болмақ.  Байқау соңында, мектеп директоры М.М.Ахметжанова  әділқазылар алқасы мен өнер көрсеткен жұптарға өз алғысын білдіріп, әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

13 сентябрь 2017 ҰБТ туралы
13 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
27 апрель 2017 Сабақ кестесі