Балалар оқуы байқауының облыстық кезеңіне қатысты » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Балалар оқуы байқауының облыстық кезеңіне қатысты
14
октябрь
2022

Балалар оқуы байқауының облыстық кезеңіне қатысты

 14.10.2022 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4"А"сынып оқушысы Төлеубекұлы Әлихан Республикалық балалар оқуы байқауының облыстық кезеңіне қатысып, алғыс хатқа ие болды.
Байқаудың мақсаты:Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері:
•республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
•балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру;
•туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу.