Іс-шаралар » Страница 3 » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
"LG-дода"
17
ноябрь
2023
"LG-дода"
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың қараша айының 17-і күні "Өзін-өзі басқару"ұйымының оқушыларымен "LG-дода" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшандық тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру. Сайыс 6- кезеңнен тұрды. "Таныстыру", "Зерде", "«Ойлан тап», "Логикалық сұрақтар", «Тапқыр болсаң, талас жоқ?», «Бәйге». Сайыста "Эврика" тобы жеңіске жетіп,марапатталды.  
"Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?"
16
ноябрь
2023
"Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?"
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың қараша айының 16-ы күні "Өзін-өзі басқару"ұйымының оқушыларымен "Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?"атты ток-шоу өткізілді.Ток-шоуға студия қонағы ретінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Итжанов Дастан қатысты.Мақсаты:Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.  
"Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі"
15
ноябрь
2023
"Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі"
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың қараша айының 15-і күні 10- сынып оқушыларымен "Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі"тақырыбында пікірталас өткізілді.Мақсаты:Оқушыларды ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлттық мүддесінің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.  
Бастауыш сыныптар арасында "Берекелі алтын күз"байқауы
19
октябрь
2023
Бастауыш сыныптар арасында "Берекелі алтын күз"байқауы
19.10.2023 ж. "Ы.Алтынсарин атындағы N1орта мектебінде" бастауыш сыныптар арасында "Берекелі алтын күз"байқауы өтті. Мақсаты: Байқауға қатысушылар арасынан "Күз ханшайымы" және "Күз ханзадасын" анықтау.Білім алушылардың шеберлігін, шапшаңдығын байқау.Білімдерін ортаға сала отырып, ынтасын арттыру. Байқау барысында "Күзгі сән" ,"Күздің сыйы", "Кім жылдам?"ойыны ойнатылып, оқушылар жарыса қатысты."Тәтті тағам" кезеңінде оқушылар өз өнерлерімен бөлісті. Байқау соңында жүлделі орын берілді. Басты
“Ғылымға құштар жас өрен"
13
октябрь
2023
“Ғылымға құштар жас өрен"
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі"КММ-де 2023 жылдың қазан айының 13-жұлдызында “Ғылымға құштар жас өрен" тақырыбында интеллектуалды сайыс өтілді. Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, тез шешім қабылдауға үйрету,логикалық ойлауын дамыту,сөз қорларын байыту. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлауға,ізденуге үйрету, өзіндік талдау мен жинақтау жасай білуге, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
"Қазақ тілінің қазіргі жағдайы"тақырыбында жоба
12
октябрь
2023
"Қазақ тілінің қазіргі жағдайы"тақырыбында жоба
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың қазан айының 12-і күні "Өзін-өзі басқару"ұйымының оқушыларымен "Қазақ тілінің қазіргі жағдайы"тақырыбында жоба өткізілді. Жобаның мақсаты: Қазақ тілінің кең ауқымды қолданысқа ие болуына үлес қосу, грамматикасының сырын аша отырып, оны жан-жақты талдап, тани білу. Мемлекеттік тілді жақсы меңгеру – өз болашағына тікелей байланысты екенін оқушылардың санасына ұялату.  
"Туған елде тұрып,жұмыс істеу-дарынды жастардың таңдау" атты дөңгелек үстел
11
октябрь
2023
"Туған елде тұрып,жұмыс істеу-дарынды жастардың таңдау" атты дөңгелек
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың қазан айының 11-і күні "Өзін-өзі басқару"ұйымының оқушыларымен "Туған елде тұрып,жұмыс істеу-дарынды жастардың таңдау" атты дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты:Оқушыларды туған елге,жерге оның топырағына деген сүйіспеншілік қасиетін,аса киелі ұғым екенін, адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.Туған жерін сүюге,қадірлеуге,әдемілікке тәрбиелеу.  
"Ұлы халықтың-ұлы Абайы"атты әдеби-сазды кеш
06
октябрь
2023
"Ұлы халықтың-ұлы Абайы"атты әдеби-сазды кеш
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп" КММ 2023 жылдың қазан айының 6-ы күні "Ұлы халықтың-ұлы Абайы"атты әдеби-сазды кеш өткізілді.Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.  
“Тарих-ғасырлар куәсі” атты танымдық сайыс
03
октябрь
2023
“Тарих-ғасырлар куәсі” атты танымдық сайыс
03.10.2023 ж күні “Тарих-ғасырлар куәсі” атты танымдық сайыс өтілді. Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық, есте сақтау зеректік қабілеттерін дамыту. Оқушылар екі топқа бөлініп, ұрандарымен таныстырды. Сайыс жоспары: 1. Бәйге 2. Тіл өнер 3. Қасиетті жетілік 4. Көкпар 5.Жорға кезеңдерінен тұрды. Оқушылар барлық кезең бойынша сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде “Самға” тобы 1-орын, “ Алаш” тобы 2-орын мақтау қағазымен марапатталды.    
"Тілім менің-таусылмайтын байлығым"
21
сентябрь
2023
"Тілім менің-таусылмайтын байлығым"
2023 жылдың 21-қыркүйек күні "Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тіл айлығы аясында 5-8 сынып оқушылары арасында "Тілім менің-таусылмайтын байлығым" атты байқау өткізілді. Мақсаты:Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.