Ата-аналар комитетімен бірлесе өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы
«Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» отдела образования Шуского района бойынша ата-аналар комитетімен бірлесе өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы
Дөңгелек үстел тақырыбы: «Отбасы махаббаты неде?»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
Жалпы қатысушыларға «Сөйлемді аяқта...» әдістемесі түсіндіріліп, жүргізілді.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
— Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
Әрбір қатысушы осы әдістеме бойынша өз ойларымен бөлісіп, өзгелердің ойларын тыңдау арқылы белгілі нәтижелерге жетіп, осы ретте пайда болған кем тұстары талқыланып, жарыссөзге түсіп, талданды.
Сонымен қатар «Бақыт дегеніміз не өзі?» тақырыбында бейнебаян ұсынылып, ауқымды талдау жүргізілді.
Тақырыпқа сай сауалнама алынды, сауалнама нәтижесі өңделіп, жарияланды, ата-аналар өздеріне тиісті нәтижелерді естіп, көңілдерінің толатындығын білдірді.
Дөңгелек үстел үстінде талқыланатын мәселелер аяқталғаннан кейін психологиялық тұрғыда ой саларлықтай «10+5+1» әдістемесі жүргізіліп, оң нәтижесін берді.
Родителям «Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар» - деген тапсырма берілді.
Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі дөңгелек үстел уақытын аяқтадық.
Дөңгелек үстел тақырыбы: «Отбасы махаббаты неде?»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
«Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
— Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.
4. Бақыт деген не өзі? Бейнебаян
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.
Родителям арналған сауалнама
Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай
0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
• 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
• 31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Қорытынды бөлім:
7 –бөлім «10+5+1» әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Педагог-психолог: М.Сандыбаева
Н.Сулейманова