Шет тілі пәнінен ашық сабақ
Жас маман апталығында шет тілі пән мұғалімі Нурбекова А. 5«В» сыныбына күнтізбелік жоспарға сай «Animals» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ кезеңдері ҚМЖ-ға сәйкес сақталып өткізілді. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігінен психолог М. Сандыбаева, биология пәні мұғалімі Ф. Каримова және қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Тұрсынәлі қатысты. Оқушылар талапқа сай мектеп формасымен барлығы түгел қатысты, сабақта белсенділік көрсете алды. Сабақта АКТ қолданылды, домжұмысы «Plickers» әдісімен тексерілді, оқушылар дөңгелек үстел бойынша топқа бөлінді. Топтық және жеке жұмыстар болды. Пәнаралық байланыс ретінде география пәні орын алды, картамен жұмыс болды. Жаңа сөздермен жұмыс жасады. Дидактикалық материалдар талапқа сай, пазл жинап, ойын түрлері қолданылып, сабақтың қойылған мақсатына жеткенін әкімшілік мүшесі талқылап айтты.
Сонымен қатар бағалау әр оқушыға жүргізіліп, арнайы кесте жасалынып, БББ әдісі бойынша әр оқушы өзін бағалап отырды, тікелей тақтамен және дәптермен жұмыс болды. Сабақ барысында шет тілінің Writing, Speaking, Reading дағдылары әр тапсырмада орын алды. Бақылаушы мұғалімдер тақырып толықтай ашылғанын, оқушылар өз алдына қойған мақсатқа толық жеткенін айтты және Time-management қолға алынып, «Plickers» әдісін күнделікті сабақта қолдану қажеттілігі жайлы ұсыныс айтылды.