«Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сынып сағаттары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, сондай-ақ Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында Шелек ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 25-сәуір күні 1-11 сыныптарда «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Сынып сағаттары барысында достығы жарасқан ұлт өкілдеріне арналған мемлекеттері туралы слайдтар көрсетіліп, достық тақырыбына шағын эссе жазу ұсынылды. Әр ұлттың музыкасын тыңдап, ұлттық киімі
н киіп, сол ұлттың тілінде құттықтау сөздерін айтты.