21
октябрь
2022
Ағылшын тілінен «My country. Exercise and sport» тақырыбында ашық сабақ өтілді
Ағылшын тілі пәнінің онкүндігінің аясында 21 қазан күні 9ә сыныбында «My country. Exercise and sport» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты:
1.Спорт тақырыбында сөздік қорын арттырып, сөйлемде қолдана білу;
2.Could, was/were able to және managed to модальді етістіктерінің арасындағы айырмашылықты ажырата білу;
3.Спорт және спорт жұлдыздары туралы пікір алмаса білу.
Қолданылған ресурстар : проектор, презентация, ноутбук, постерлер мен тақырыпқа қажетті суреттер.Әдіс-тәсілдер: “Ой қозғау” , “Постер қорғау”, “Сұрақ - жауап" әдістері қолданылды.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ракишева М.
Мектеп әкімшілігінен ашық сабаққа мектеп директоры Ахметжанова Муслима Мухаметжановна қатысты.