Әлеуметтік педагогтің  жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июль
2023

Әлеуметтік педагогтің  жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша "Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік педагогтің  жылдық есебі.

Міндеттеме:

  • Сынып жетекшілер 3 айда бір рет АСП алатын отбасылар тізімін өткізіп тұрсын.  Ақпаратты, сыныпта болған өзгерістерді толық уақытылы өткізіп тұрсын.
  • Оқушылардың әлеуметтік жағдайы сынып жетекші тарапынан қадағалансын.                         

Мақсаты: «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру.Тұрмысы төмен отбасыларға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсету.

Мектептің  әлеуметтік  паспорты 1 тоқсан аяғында

Әлеуметтік  санаттар

Саны

%

 

Барлық  оқушылар

812

100%

 

Отбасы түрі бойынша

1

Толық  отбасылар

81/261

 

2

Толық  емес отбасылар

52/57

 

3

Анасы  жоқ  балалар

5/6

 

4

Әкесі жоқ  балалар

22/36

 

5

Көп  балалы  отбасы

129/357

 

6

Аз  қамтамасыз  етілген  отбасы

53/105

 

7

Жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар

1/1

 

8

Мүгедек  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар

10

 

9

Азаматтығы жоқ  балалар

14

 

10

Басқа  мемлекеттің  азаматы  болып табылатын  білім  алушылар

0

 

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде  тұрғандар

0

 

12

Мектеп ішілік  бақылау есебінде тұрғандар

3

 

 

Мектептің  әлеуметтік  паспорты 2 тоқсан бойынша

Әлеуметтік  санаттар

Саны

%

 

Барлық  оқушылар

475/816

 

1

Толық  отбасылар

244/334

 

2

Толық  емес отбасылар

41/52

 

3

Анасы  жоқ  балалар

3/5

 

4

Әкесі жоқ  балалар

19/34

 

5

Көп  балалы  отбасы

166/406

 

6

Аз  қамтамасыз  етілген  отбасы

31/62

 

7

Жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар

1/1

 

8

Мүгедек  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар

6/6

 

9

Азаматтығы жоқ  балалар

0/0

 

10

Басқа  мемлекеттің  азаматы  болып табылатын  білім  алушылар

0/0

 

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде  тұрғандар

0/0

 

12

Мектеп ішілік  бақылау есебінде тұрғандар

1/1

 

 

      

Мектептің  әлеуметтік  паспорты 3 тоқсан бойынша

Әлеуметтік  санаттар

Саны

%

 

Барлық  оқушылар

467/808

 

1

Толық  отбасылар

392/716

 

2

Толық  емес отбасылар

41/50

 

3

Анасы  жоқ  балалар

3/5

 

4

Әкесі жоқ  балалар

20/35

 

5

Көп  балалы  отбасы

129/330

 

6

Аз  қамтамасыз  етілген  отбасы

33/64

 

7

Жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар

1/1

 

8

Мүгедек  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар

6/6

 

9

Азаматтығы жоқ  балалар

4/8

 

10

Басқа  мемлекеттің  азаматы  болып табылатын  білім  алушылар

0/0

 

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде  тұрғандар

0/0

 

12

Мектеп ішілік  бақылау есебінде тұрғандар

0/0

 

 

Мектептің  әлеуметтік  паспорты 4 тоқсан бойынша

Әлеуметтік  санаттар

Саны

%

 

Барлық  оқушылар

810

 

1

Толық  отбасылар

716

 

2

Толық  емес отбасылар

50

 

3

Анасы  жоқ  балалар

5

 

4

Әкесі жоқ  балалар

33

 

5

Көп  балалы  отбасы

330

 

6

Аз  қамтамасыз  етілген  отбасы

64

 

7

Жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар

1

 

8

Мүгедек  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар

6

 

9

Азаматтығы жоқ  балалар

0

 

10

Басқа  мемлекеттің  азаматы  болып табылатын  білім  алушылар

0/0

 

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде  тұрғандар

0/0

 

12

Мектеп ішілік  бақылау есебінде тұрғандар

0/0

 

 

           Оқу жылы барысында мектептің әлеуметтік паспорты үнемі жаңартылып өзгерістер дер кезінде енгізіліп отырды.Мектептен кеткен және мектепке келген оқушылардың  әлеуметтік жағдайын біліп, мектептің әлеуметтік паспортына тоқсан қорытындысы бойынша жаңартулар өзгерістер енгізіліп отырды. Оқу жылы барысында сынып жетекшілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, оқушылардың отбасында болып жатқан өзгерістер(әлеуметтік статусы,ата-аналарының бірінің қайтыс болуы, бала туу арқылы көпбалалы отбасы атануы,атаулы әлеуметтік көмек алуы т.б.) өз уақытысында ескеріліп отырылды.   

      Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 2022-2023 оқу жылының басында жетім,жартылай жетім,аз қамтылған,көпбалалы,толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан 215 оқушы тегін ыстық тамақпен, қоғамдық комиссия шешімімен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы есебінен 2022-2023 оқу жылы барысында 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

      Оқу жылы барысында Қоғамдық комиссия мүшелері және бракераж комиссиясының мүшелері асхананы үнемі 2 аптада бір рет қадағалап, бақылап отырды. Оқу жылы барысында Асханадан  өрескел заң бұзушылықтар табылмады. Асханада тегін ыстық тамақ Аудандық білім бөлімі бекіткен ас мәзіріне сай беріліп отырды.Ыстық тамақтың дәмі,көлемі ас мәзіріне сай екендігі үнемі мектеп әкімшілігінің бақылауында болды. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы үнемі бақылауда болып,қандайда бір ескерту берілген жоқ.Оқушылар асханаға белгіленген кесте бойынша барып тамақтанып отырды.Оқу жылы барысында Асханаға, ЖБББ қорынан берілген ыстық тамаққа қандайда бір шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

        1-4 сыныптан тамақтанатын оқушылар саны 120, 5-11 сыныптан тамақтанатын оқушылар саны 95.  1-4 сыныптан бір күнге бір баланы тамақтандыру құны 450 теңге. 5-11 сыныптан бір күнге бір баланы тамақтандыру құны 550 теңге. Тамақтанған оқушылар арнайы журналға белгіленді. Әр айдың соңында тамақтанған оқушылардың есебі аудандық білім бөліміне өткізілді.

             ЖБББ қорының есебінен аудандық білім бөліміне жетім,жартылай жетім,аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан,көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 142 оқушыға мектеп формасымен, мектепке қажетті құрал жабдық алуға 37389 теңге қаржылай бір реттік көмек берілді.

           Қыркүйек айының 9-ы,10-ы және 15-і күні және наурыз айының 26-сы,27-сі жетім, ААҚҚ оқушылардың үйіне тексеріс жасалып, ауданға есеп берілді. Тексеріс барысында оқушының сабақ оқитын бұрышының болуы, оған төленетін жәрдемақы, кеткен шығындарды есептеу. Үй жағдайын тексеру, отбасы мүшелерімен сұхбат жүргізу. 29-қазан Қамқоршылар күніне орай 6 «В» сынып оқушысы Аширов Сабырдиннің қамқоршысы Аширова Жаңылханға мерекесімен құттықтап алғыс хат,гүл шоқтары және сыйлықтар табыс етілді.Оқу жылы барысында жетім оқушылардың үйіне тұрақты түрде, мектеп инспекторымен,сынып жетекшілермен бірге кезектен тыс рейдтар жасалынып үй жағдайлары,оқушының жатын бөлмесі,сабақ оқитын бөлмесі,киімі,тамақтануы бақылауда болды.

 

 


     Оқу жылы барысында  «Мектепке жол» акциясы аясында жетім,жартылай жетім, көпбалалы,Атаулы Әлеуметтік Көмек алатын, көмекке мұқтаж,тұрмысы төмен,мүгедек, көпбалалы,аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға киім кешек,мектеп формасы,қыстық куртка,қыстық етік,мектеп оқу құралдары,азық-түлік,қолданыстағы тұрмыстық техникалар,жаңа жылдық сыйлықтар және қаржылай көмектер көрсетілді.

           Оқу жылының басында Шелек ауылында орналасқан мекемелерге «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан сұраныс хаттар жіберілді.Сұраныс хаттар бірнеше мекемеге АО«Қазпошта», «Аудандық аурухана», «КМФ», «Халықбанк»АО т.б. жіберілді. Тамыз айында «мектепке жол» акциясы аясында мектепте оқитын тұрмысы төмен отбасынан шыққан 26 оқушыға киім-кешек, оқу құралдары мен қажетті керек жарақтар демеушілер тарапынан алынып берілді. Жалпы тамыз айындағы сомасы 473 950 теңге. Қараша айында 4 оқушыға қыстық киімдер алынып берілді.Жалпы қараша айындағы сомасы 35 600 теңге. Желтоқсан айында ИП Шинтемирова Айман 11 балаға қыстық етік,куртка мектеп формасы т.б. киімдер алып берді. «Мектепке жол» акциясы аясында ИП «Шинтемирова Айман» наурыз айында 10 балаға спорттық киімдермен аяқ киімдер алып берді.Сәуір айында ИП «Шинтемирова Айман» 5 тұрмысы төмен отбасыға 25 кг ұн,5кг сумай,5кг қант үлестірді.Сәуір айында мектеп ұстаздары 10 отбасына бағасы әрқайсысына 10 000 теңге болатын азық-түлік үлестірді. «Мектепке жол» акциясы аясында тұрақты демеушілік танытқан ЖК «Шинтемирова Айман», мектеп ұстаздары мен ата-аналарға алғыс білдіреміз

 

 

 

 

 

 

 

 


 Оқу жылы барысында мектепте кезекшіліктер, мереке күндері түнгі рейдтар атқарылды.

 

 

 

 

 

Мектеп әкімшілігімен бірқатар  әлеуметтік танымдық іс-шаралар атқарылды. Ашық сабақтарға,ашық іс-шараларға қатыстым.Үлгерімі төмен сыныптардың сабақтарына қатысып,бақылау жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

    Ұсыныс: ЖББ қорынан тамақтануға және мектепке қажетті форма киім-кешек алуға қаржылай көмек сұраған ата-аналардың өтінішін дер кезінде хабарлап айту. Сыныптағы оқушылардың әлеуметтік жағдайындағы өзгерістерді хабарлап отыру.Жаңа келген оқушылардың әлеуметтік жағдайынан хабардар ету.

    Қорытынды: 2022-2023 оқу жылында алға қойылған мақсаттар орындалды. Мектептің әлеуметтік картасы үнемі бақылауда болып,өзгерістер дер кезінде енгізіліп, әлеуметтік карта тақсан қорытындысы бойынша жаңартылып отырды.Оқу жылы барысында ЖББ қорынан тегін ыстық тамаққа өтініш білдірген оқушылардың өтініші қоғамдық комиссия тарапынан уақытылы қаралып шешім қабылданды. Мектепке жол акциясы жыл бойы үздіксіз жүргізілді.

                                                                                                                           Әлеуметтік педагог: Алғожа А.Т.