"Мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек көрсету" мақсатында аудандық семинар » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек көрсету" мақсатында аудандық семинар
24
январь
2024

"Мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек көрсету" мақсатында аудандық семинар

2023-2024 оқу жылының 24 қаңтарда Турген ауылында, Д. Қонаев атындағы орта мектебінде химия және биология пәндері бойынша "Мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек көрсету" мақсатында аудандық семинар болып өтті. Д.Қонаев атындағы орта мектептің директоры Ахметова Рима Ауесхановна Д, Қонаев мұражайы және биология кабинетін таныстырды. Аудандық оқу әдістемелік орталықтың әдіскері : Иргебаева Қарлығаш Жанибековна бүгінгі өтілетін семинарды өзі ашыты. Семинар өз жалғасын тауып, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің биология пән мұғалімі Тенгизбаева Жазира Тазабаевна " Биология сабағында АКТ, бағалау құралдарын тиімді қолдану" тақырыбында панорамалық сабақ өтті. Келесі кезекте "Қойшыбек орта мектебі" химия пән мұғалімі Акбергенова Майраш Рахметжановна " Күнделік-кz-ке зертханалық жұмыстардың бағалануы" тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің б.ғ.к. қауым профессоры Анарбекова Гульшат Джумабаевна" Мұғалімінің кәсіби шеберлік деңгейін көтере отырып сапалы білімге жету интеллектуалды шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу " мақсатында баяндама оқыды. Семинарда әр мектептен келген химия және биология пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты.