“1 Бол LIKE” Облыстык жас мамандар форумы
01.02.2024ж Қарасай ауданы, Жібек Жолы ауылы ”Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен “1 Бол LIKE” Облыстык жас мамандар форумына «Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқамет Сәлима қатысты. Форумның мақсаты: жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға әдістемелік көмек көрсету. Коллаборативті орта қалыптастыру. Салауатты өмір салтын сақтай отырып құндылықтар бағдарын насихаттау.