"Жылдың үздік мұғалімі-2024" » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2024

"Жылдың үздік мұғалімі-2024"

Сәуір айының 29-30 жұлдызында аудандық "Жылдың үздік мұғалімі-2024" байқауы болып өтті.
Байқауға “Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп”КММ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шажабаева Толқын Адилхановна қатысып Алғыс хатқа ие болды.
Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқаудың міндеттері:
- Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
- Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
- Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
- Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
- Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
Кезеңдері:
І кезең Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін айқындайтын портфолиосы мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);
де
ІІ кезең Бетпе-бет. Жұмыс жүйесінің моделі (5 мин). Бағалау балдық жүйемен бағаланады.
Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау.
IIІ кезең Бетпе-бет. Эссе жазу.
Байқауға қатысушылар берілген тақырып бойынша 10 минут ішінде эссе жазады.
ІY кезең Импровизациялық тапсырма (3 минут).
​Байқауға қатысушы 3 минут ішінде аудитория алдында берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс.
Y кезең Бетпе-бет. Сабақ өткізу (15 минут) Байқауға қатысушы алдын- ала сұраныста көрсетілген сыныбымен қалаған тақырыбы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес ашық сабақ береді.
Сабақ, ұзақтығы: 15 минут; Бағалау балдық жүйемен бағаланады.