2023-24 оқу жылындағы психологиялық қызметтің ата-аналармен атқарылған жұмыс қорытындысы. » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-24 оқу жылындағы психологиялық қызметтің ата-аналармен атқарылған жұмыс қорытындысы.
10
апрель
2024

2023-24 оқу жылындағы психологиялық қызметтің ата-аналармен атқарылған жұмыс қорытындысы.

«Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-24 оқу жылындағы психологиялық қызметтің ата-аналармен атқарылған жұмыс қорытындысы.

  

 

Жоспарға сәйкес 1-11 сынып аралығында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

 Ата –аналар жиналысында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»,«Бала бақыты», «Отбасы махаббаты неде» атты ауқымды  бейне роликтер көрсетіліп, кері байланыс орнатылды. Сонымен қатар сауалнамалар, әдістемелер жүргізіліп, нәтижесі ата-аналарға сол жерде жарияланып, өз ойларымен терең бөлісті.

Ата-аналарға арналған сауалнама

Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай

 0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
• 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
• 31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 Ата-аналарымыздың басым көпшілігі  17-30 балл жинап  өздерінің балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс екенін аңғартып отыр. Сонымен қатарөздерінің  бойындағы тәрбиелік қабілеттің барын, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет ететіні анықталды.

 Жалпы ата-аналардың ойлары жақсы, бала тәрбиесінде аса қамқор екені байқалды  

 

 

                                      Пед. Психолог:                      Н.Сулейманова