Ағылшын пәнінен ашық сабақ өтілді » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2022

Ағылшын пәнінен ашық сабақ өтілді

Жас мамандар онкүндігіне байланысты 2022 жылдың 10 наурызында мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімі, жас маман Мұхамед Нұргүл 1 «ә» сынып оқушыларына «Story time: What color?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар толық қамтылып, белсенді түрде қатысып отырды. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты видеомен толықты. Айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдылары қамтылды.  Сабақ барысында «Dry the clothes» («Кір жаю»), «Dress up the kids»  («Балаларды киіндір»), «Help the gloves and socks» («Әріптің жұбын тап») әдістері және проектор, түрлі түсті макеттер, плакат, айна, карта көрнекіліктері қолданылып сабақ тақырыбы тереңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, топтық, жұптық және жеке жұмыстар болды. Сабақ соңында оқушыларды қалыптастырушы бағалау «Көбелек» бағалау  әдісімен бағалады. Сабаққа әкімшілік тарапынан мектеп психологі Сулейманова Нагима Оразалиевна және бірнеше мұғалімдер қатысты. Бақылаушылар сабақ тақырыбы толықтай ашылғандығын, жүйелі және мазмұнды өткендігін айтты және «Дарынды оқушымен жұмысты» жандандыру жөнінде ұсыныс айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Похожие публикации:

13 сентябрь 2017 ҰБТ туралы
13 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
27 апрель 2017 Сабақ кестесі