1-қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуы » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуы

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 1-қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру мақсатында "Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында салтанатты жиын өтілді.Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары, ата-аналар және 1-11 сынып білім алушылары қатысты. Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы П.Б.Мәкен қонаққа келіп 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. Мектеп директоры М.М.Ахметжанова өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдылық-Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өткендігіне тоқталып өтті.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасының Гимні орындалып,мерекелік ән-шашулар жолданды.Ыбырай Алтынсаринның ескерткішіне гүл қойылды. Жиын соңында 1-сыныпқа келген бүлдіршіндер салтанатты түрде мектепке қадам басты.