11-сынып білім алушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып білім алушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
08
апрель
2022

11-сынып білім алушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде  07.04.2022 ж  9-11 сынып оқушыларының  арасында:  "Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау",  атты түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектебіміздің директоры М. М. Ахметжанова өз сөзінде оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау",  дегенге саяды. Мамандық таңдау-  деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.  "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда", -  деп дана халқымыз  бекер айтпаса керек. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу, екеуі біздіңше, екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алатыны жайлы мәлімдеді. Сендерге айтарым: өз кәсіптеріңді таңдауда қателеспеңдер, жолдарың болсын!деп өз тілегін білдірді.МДТІЖО:Наурызбекова Н. Сөз алып,өз сөзінде барлық мамандықтар өте маңызды, кейбіреулері математикалық қабілеттілікті, басқалары шығармашылықты, ал үшіншілері-  физикалық дайындықты қажет ететіні және  жақсы немесе жаман мамандықтар жоқ, сізге ұнайтын немесе ұнамайтындары ғана бар. Өмірде бәрі өзара байланысты болғандықтан, дұрыс таңдалған кәсіп өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Таңдау қаншалықты сәтті болса, өмір жолы соншалықты қызықты және табысты болады. Мамандықты дұрыс таңдай біліңдер!Педагог-ұйымдастырушы  : Мұхамбек Айбол сөз кезегін алып,өз сөзінде  мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.


 

 


 

Похожие публикации:

13 сентябрь 2017 ҰБТ туралы
13 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
27 апрель 2017 Сабақ кестесі