«Тіл ғұмыры –ұлт ғұмыры» атты айлықтың ашылу салтанаты өтті
2022 жылдың қыркүйек айының 5-жұлдызында «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО» КММ мекемесінде « Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі аясындағы «Тіл ғұмыры –ұлт ғұмыры» атты айлықтың ашылу салтанаты өтті. Шара барысында мектеп директоры М.М.Ахметжанова Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғастығын табатынын хабарлап, ұстаздар қауымы мен оқушылардың жауапкершілікпен атсалысуына шақырды.