2022-2023 оқу жылындағы кітапхана жұмысының жылдық қорытынды есебі
«Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» КММ
кітапхана жұмысының жылдық қорытынды есебі
2022-2023 оқу жылы
«.... Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек".
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті атқарады.
Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамассыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық. Мектеп кітапханасы шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік іс-шараларды өткізуде, оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбиелік жұмыстарына көмектеседі.
Оқушылармен жұмыс жасай отырып кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаппен жұмыс жасай білуді үйрету – кітапханашының негізгі міндеттерінің бірі.
Кітапхана өз жұмысын әр уақытта жоспар негізінде жүргізіп отырады.
Оқу жылының басы кітапхана үшін жаңа буын оқулықтарының келуімен басталады.
2022-2023 оқу жылында 2 сыныптарға жаңа бағдарламамен жаңа буын оқулықтары келді. 2 сыныптарға 100 комплект оқулық жеткізілді. Келген оқулықтарға белгі соғылып, кітапхана есебіне алынды. Одан бөлек жетіспейтін оқулықтарға берілген сұраныс бойынша 8,9,11 сыныптарға да оқулықтар әкелінді. Оқулықтармен ең алдымен жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім отбасы балалары қамтылды. Жалпы мектеп бойынша оқулықпен қамтамассыз етілу 90 пайызды құрап отыр.
Оқулықтардан бөлек кітапхананың негізгі қоры 53 дана көркем әдебиетпен толықты.
Бүгінгі күні кітапхананың жалпы қоры 19816 дана кітап, оның ішінде 4153 данасы көркем әдебиет, 16817 оқулықтар. Оқулықтардың ішінде 93 дана әдістемелік құралдар,
107 данасы электрондық оқулықтар.
Оқулықтардың жыртылып, бүлінбеуін қадағалау мақсатында оқулықтарының тазалығына әкімшілікпен бірлесіп рейд жасалып,анықтамалар жазылып, кемшіліктер сынып жетекшілеріне ескертіліп отырды.
Кітапханада жыл басынан бері тұрақты кітап сөрелері жасалған. «Оқуға құштар мектеп» бұрышы, Электронды кітаптар әлемі, «Жаңа кітап – жаңа әлем» көркем әдебиеттері, «Жаңа Қазақстан» , Ұлы дала ұстазы Ы.Алтынсарин , Алаш арысы А.Байтурсынов, «Бақыт деген сенің бала күндерің» бүлдіршіндер бұрышы ұйымдастырылған. « Алаш арысы» А.Байтурсынов. Преподаватели мен оқушыларға арналған әдістемеліктер, электрондық оқулықтар бұрышы, сонымен бірге мерзімді басылым журналдар мен тақырыптық папкалар бар.
2022 – 2023 оқу жылының басында кітапхананың жылдық жұмыс жоспары және «Оқуға құштар мектеп» жоспары бекітіліп, сол жоспарлар бойынша көпшілік іс - шаралар атқарылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітапханада
«Электронды кітапхана» және «Коворкинг» бұрышы ұйымдастырылды.
Кітапханада оқу жылының басында кітапхананың жылдық жұмыс жоспары жасалып сол бойынша көпшілік жұмыстары жүргізілуде. 1 Қыркүйек Білім күні «Тіл тұғыры-тіл ғұмыры», А.Байтурсынов 150 жылдығына орай кітап көрмесі, «Менің отбасылық кітапханам» , С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», «Алаш арысы-Міржақып» , «Қаhарман қызы қазақтың» М.Мәметованың 100жылдығына , Төлен Әбдік өмірбаяны,80 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі қаламгерлер, шығармаларының авторлық идеялары ұлттық сипата екенінмен танысты. Оң қол және Қонақтар әңгімесі 8 «ә», «в» сынып оқушыларымен қысқаша мазмұндалды.Парасат майданы повестінен қысқаша мазмұндалап оқуға ұсынылып танымдық сабақтар өткізілді.
«М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбына 8 сыныптармен әдеби кеш ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып оқушыларына арнап «Бақыт деген – сенің бала күндерің» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1-4 сыныптар « Кітапхана әлеміне – саяхат» кітапханамен таныстырылу сағаты өтті.
Бастауыш сынып оқушылары үзілісте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу бағатында ертегі оқуға, оқыған ертегілерін мазмұндауға қалыптастырылды.
Нәтежинсінде: 1 сыныптар , 2 «а», 2« б» , 3 -4 сыныптар кітапхана оқу залында кітап оқуға дағдыланды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасымен жоспар жасалынып оқушылар арасынан оқырмандар клубы құрылды. «Көңілді оқырмандар клубы» осы аралықта белгілі қазақ жазушылараның : О.Бөкейхановтың «Қар қызы», Д.Исабековтың «Гаухар тас», М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні»,Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повестерін оқып талдады.Бұл 8-9 сыныптар арасында. Ал 5-6-7 сыныптар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М.Әуезовтың «Көксерек», «Таза бұлақ» шығармаларын және батырлар жыры ,Ы Алтынсарин өлеңдері жаттауға берілді. 5 «ә», 5 «б» сынып оқушылары өлең жаттау жағынан жақсы көрсетті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Көңілді оқырмандар» клубының қатысуымен «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында еркін тақырыпта кеш ұйымдастырылды. Кешке Шелек тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Қуанәлі Алмасбекұлы, Шелек ауылдық кітапханашысы Умбетова Мадина Бақытқызы қатысты
Кештің мақсаты өзі оқыған кітаптарын насихатау арқылы өзге оқушыларды кітап әлеміне тарту. Кітапқұмар жасөспірімдердің сөз саптау деңгейін, ораторлық қабілеттерін және ой ұшқырлығы мен рухани байлықтарын кітап оқу арқылы паш ете білуіне қолдау көрсету.
2- тоқсан қорытындысы бойынша төмен сапа көрсеткен 5в,6б,8ә,9б сыныптармен кітапхана тарапынан іс –шаралар атқарылды.
Мақсаты: Оқушылардың білім денгейін көтеру, кітап оқуға де қызығушылықтарын арттыру. Оқушылар кітапханаға келіп кітап оқуға , кітапхана шараларына қатысуға қалыптастыру.
5 «в» сыныбында 16 оқушы. Бұл сыныптың оқушыларын кітап оқуға тарту үшін кітапхана белсенділерін де жұмылдыра отырып төрт оқушыға бір тапсырмадан беріліп күнделікті қадағаланды. Алғашқы тапсырма ертегі әлемінен, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясының 3 томынан Сапарғали Бегалин қызықты әңгімелерімен танысты.
Нәтижесінде оқушылар берілген тапсырманы сыныпта мазмұндады .
6 «б» сынып оқушыларына да жеке тапсырма беріліп Ы. Алтынсарин өлеңдерін
мәнерлеп жатқа айту .
8 «ә» сыныбына Төлен Әбдіктің шығармаларымен таныстырылып . «Бір ел-бір кітап» жобасы аясында «Әке» әңгімесін оқып мазмұндау, талдау эссе жазу жұмысы жүргізілді.
9 «б» сынып Дулат Исабеков шығармаларының ішінде «Гаухар тас» повесті оқып талдады. Келесі оқуға берілген тапсырма Міржақов Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлерін сипатау арқылы ащу.
Оқулықтар тазалығын тексеру рейді кезінде 5 «в» сынып оқушылары : Тілеубек Арман, Сыбанқул Даму, Ермекбайұлы Елмұрат кітаптары қапталмаған. 6 «б» кітап қапатамаған оқушылар бар:
8 «ә» сынып оқушылары да кітап қаптамаған оқушылар болды. 9 «б» сынып оқушылары оқулық әкелмеген оқушылар болмады ,бірақ оқулық тазалығына яғни капталмаған оқушылар болды. Оларға ескерту берілді.
Сонымен қатар « Оқушының оқу жылдамдығын арттырудағы тиімді әдістер» тақырыбында төмен сапа көрсетіп отырған 5 «в», 6 «б»сын оқушыларының оқу жылдамдығын тексерілді.
Нәтижесінде : 6 « б» оқушыларының оқу жылдамдықтары тексеру барысында: Әлнұрқызы Қадиша 140 сөз, Тілеубай Нартай 70 сөз, Ержума Нурболат 120 сөз, Рысқұл Дания 164 сөз оқуды .
5 «в» сынып оқушыларының оқу жылдамдығын тексеру барысында :
Түркісбай Әли -116, Бақтыбек Лина -87, Ермекбай Елмұрат-85, Сағымбек Қасым -70, Тілеубек Арман -20 сөз оқыды. Бұл оқушыларға тапсырмалар жеке-жеке берілді .
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «The world of Harry Potter» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі А. Нурбековамен бірлесе ашық шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар
дың өздеріне ұнайтын кейіпкер арқылы оларды кітап әлеміне тарту.
Мерзімі: 20.10.2022ж
Шара барысында Гарри Поттердің қандай мектепте оқығаны , ол мектепке қалай шақырылғаны туралы. Ол мектепте қандай пәндер оқылатыны жәйлы . Және 4 – құбылыс жәйлы да кеңінен талқыланды. Ащық шара ағылшын және қазақ тілінде өтті. Оқушылар ағылшын тілінде де жақсы қатыса алды.
2023 жылы 20-ші сәуір күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір кітап –бір ғұмыр» тақырыбында еркін форматта шара өтті.
«Көңілді оқырмандар» клубы осы құзіреттіліктерді өздері оқыған шығармалардан сыйпаттап талдады. Адам баласы жетік дамыған болу үшін барлық жағдағдайда кітап оқуға келіп тірелетіні жайлы оқушылар насихатады. Яғни кітап оқуғады бос кезде ғана емес оны күнделікті әдетке айналдыру керек деп ұсыныс айта отырып 9 сынып оқушысы Тимурқызы Динара Шобай К. «Не будь вторым» кітабінің мазмұнымен бөлісіп, клуб мүшесі Айділда кітап оқу адамның дұрыс тәрбие алуына да қосар маңызы зор екенін , Санжар Керімбайдың «Бейсен және болмыс» кітабін жай ғана оқып қоя салмай, ондағы айтылған ойдың астарын, салмағын түсініп, өзін тануға, Бейсенді тануға, болмысқа терең бойлауға мүмкіндік беретіндігін.Сондай-ақ ол Бейсен Құранбектің ғибратты ғұмырындағы оқиғалар бүтін бір жас буынға тәрбие берерлік қасиетке ие деп санайды. Сондықтан болар танымал журналистің адамгершілік қасиетін үлгі етіп, оған еліктеп, өсіп келелетінін де атап айты. Шара соңында «Көңілді оқымыстылар» клубы мүшелері өзге қатысушыларға әдеби кітап оқуға қалыптасуға шақырды. Әлі кітап таңдауды қиналық жүген оқушыларға бағыт –бағдар ретінде Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесті, С.Муқановтың «Балуаншолақ»,Ғ.Мүсреповтың «Ұлпан» романы» қысқаша мазмұндалып оқуға ұсынылды.
«Менің байтақ Республикам» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті.Байқауға 7 сынып оқушылары қатысты.Байқау қазақ және орыс тілінде өтті.
Байқау шарттары: өлең мазмұнына сай мәнерлеп оқу,сөздерін анық айту.
1 орынды 7 «а» сынып
2 орынды 7 «ә» сынып
3 орынды 7 «в» сыныптар иеленіп жақсы нәтижелер көрсетті.
«Жалпы экология, экологиялық проблемалар» еркін 6-9 сыныптармен еркін формата шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Дүниежүзіндегі экологиялық проблемалардың барлығы жаһандық сипатқа ие екеніні. «Тазалык — саулық негізі, саулық — байлық негізі» деген қазақ халқының мақалын естен шығаруға болмайтынын. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдын күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне кәдімгідей қауіп төндіріп отырғандығы .
Судың ластануы,озон тесігі,қышқыл жаңбыр,атмосфераның ластануы,және елді мекендер тұрмыстық қоқыс салдарынан зардап шегіп жатқаны жайлы да оқушылар атап өтті. Экология зардаптарының барлығы адамдардың өз қолдарымен жасап отырғандығы және де осы олқылықтарды арада қолға алу керек екендігі де айтылды.Әрбір оқушы аулымыздың, мектебіміздің тазалығына көңіл бөлсек экология апаттарының алдын алуға болатындығын да ескерілді.Экология тақырыбы тереңінен жеке-жеке факторлар келтіріліп түсіндіріліп мазмұнды шара болды.
23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 5-9 сыныптармен
«Мен және менің отбасым оқитын кітап» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
Челлендж барысында 7»б» сынып оқушысы Серікжан Даулеткелді және 7 «а» сынып оқушысы Бейсенбей Ақерке оқитын отбасының үздіктері ретінде танылды.
2023 жылдың мамыр айының 5-і күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Туған өлке-тұлғалары"атты кездесу кеші өткізілді.Кездесуге Шелек ауылдық мәдениет үйінің директоры мәслихат депутаты Беков Ринат Бақытжанұлы, ата-ана комитетінің төрағасы Кулбанова Гүльнар, үздік оқырман отбасы, көп балалы ана Серікжан Халида келді.Кездесуге мектеп әкімшілігі,мұғалімдер және "Адал ұрпақ"клубы,"Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары қатысты.
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау,олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып,жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады. Ендеше оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете берейік.
Кітапханашы: Б.Бургибаева