Психологиялық қызметтің 2022-23 оқу жылында жоспарға сәйкес атқарылған жұмыс есебі.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Шуского района бойынша
Психологиялық қызметтің 2022-23 оқу жылында жоспарға сәйкес атқарылған жұмыс есебі.
2022-23 оқу жылына психологиялық қызметтің жоспарлаған мақсат міндеттері.
- Оқушылардың дамуындағы әр кезеңде кездесетін ерекшеліктерін анықтау, балалардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген қозқарасын, қарым-қатынас мәдениеттілігін қалыптастыру
- Оқушылардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтары мен кемшіліктер орын алған жағдайда әлеуметтік желілерге жүгіне отырып, жағымды бейнероликтер көрсету арқылы түзету дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.
- Білім алушылардың жас даму ерекшеліктерін, сол кезеңдерге тән психикалық дамуын, әр алуан іс-әрекеттен бақылау қадағалау арқылы жетелеу, қолдау жұмыстарын жүргізу.
- 9-11 сынып түлектеріне мамандық таңдауда қателеспеуге, дұрыс таңдау жасай білуге ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру.
- Мектеп ұжымындағы психологиялық оң ахуалды реттеп отыру.
Психологиялық қызмет бес бағыт бойынша жұмыс атқарады.
Психодиагностикалық бағыт:
Биылғы оқу жылында жалпы мектеп оқушыларының ата-аналарынан психологиялық тұрғыда баласымен жұмыс жүргізу туралы пікірлерін қолхат түрінде анықтау жұмыстары жүргізілді. 2 «А», 5 «Б», 6 «Ә», 8 «Б» сыныптарынан психологиялық зерттеу, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге қарсылығын білдірген бірнеше ата-аналарымыз кездесті.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаллардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Бұл айырмашылықтар, ең алдымен балалардың бір-бірімен интелектуалды, моральды, және тұлғалық дамуы жағынан ерекшеленеді. Сондықтан ондай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін. Себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлгенді әрбір бала қалайды. Баланың мектепте алғашқы айларда болуы оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады.
Осыған орай К.Йерасек әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ суреттік әдістеме, «Әріптерді көшіріп салу», «Ер адамның суретін салу», «Бір топ нүктені көшіріп салу» әдістемелері, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысының нәтижесінде психологиялық карталары толтырылды.
Әдістемені қолдану арқылы бала мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдауы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алуы, қағаз бетіне нүктелерді, сызықтарды айтылған бағытта түсіргендігі, тапсырманы өз бетімен орындай алуға мүмкіндігі анықталды.
Жалпы 10-шы сынып білім алушыларымен жан-жақты психологиялық түзету-дамыту, қолдау, жетелеу, бағыт-бағдар беру, мамандықтың тиімді жақтары, сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар 10-шы сыныпқа келген оқушылардан қорытынды аттестаттау тапсыратын кездегі таңдаған пәндеріне орай оқу бағытын таңдау ұсынылып, жазбаша түрде өтініштері алынды. Өтініштерімен таныса отырып, бағыт-бағдар беріліп, нәтижесінде өз өтініштері негізінде жаратылыстану-математикалық, және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарға бөлінді.
2-ші сыныпта 102 оқушы білім алуда. Жоспарға сәйкес психологияляқ әдістеме алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Барлық вербалдық тестерді қолдану барысында оқушыларға бірнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жұмыстары жүзеге асырылды Ұсынылып отырған тест бойынша білім алушылардың ойлау қабілетінің дамуына, есте сақтауының ұзақтылығына мән берілді.
3-ші сынып білім алушылармен пәнге қызығушылық, пән бойынша қиындықтарын анықтау жұмыстары жүргізіліп оқу мотивациясы, нақты қандай пәндерді қызығып оқитындарын анықталды.
Анықталғаны:
4-ші сынып білім алушыларынан жоспарға сәйкес Л.Көмекбаеваның бастауыш сыныптарының біліктілік деңгейін анықтауға арналған тесттер жиынтығы алынды.
Нәтижесінде: 4 субтестіден тұратын тапсырмалар жинағы 4-ші сынып білім алушыларының біліктілігін анықтау, және олардың жалпы интеллектуалдық дамуын анықтауға кеңінен қолданылды.
Субтесттілерді алу барысында төмен деңгейді көрсеткен білім алушыларға ерекше сынып жетекшілері, пән мұғалімдері тарапынан білім- біліктілік деңгейлерін артыруға ықпал тигізсе,сонымен қатар жан-жақты таным процестерін дамытуға көмектер көрсетілсе деген ұсыныстар айтылды.
8-ші сынып білім алушыларымен қарым-қатынасқа икемділіктерін зерттеу, диагностикалау мақсатында жан- жақты социометрия әдістеме жүргізіліп қорытындысы шығарылды , сонымен қатар пәнге қызығушылық пән бойынша қиындықты анықталып,пән мұғалімдеріне бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар айтылды.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ОПМПК сараптамасынан қайта өтуіне байланысты ата-аналары шақыртылып, жан-жақты ақыл –кеңестер беріліп, психологиялық кеңес дәптеріне тіркелді.
9,11- ші сынып білім алушыларының тест тапсырар алдындағы қобалжуларын басу, теске дейінгі және тестен кейінгі өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында түрлі тестілер, әдістемелер алынып, жан-жақты әңгіме сұқбаттар жүргізіліп, психологиялық тұрғыда түсіндірме, жетелеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес «Ерік күшін бағалау» тесті, «Мен өмірді сүйемін » тақырыбында шағын эссе, «Дейін және кейін» , «Пәнге қызығушылық» және « Пән бойынша қиындық» , «Өзін өзі бағалау» әдістемелері алынып зерттеу жұмыстары жүргізілді.
11 сынып білім алушыларының ашық –жарқындығы мен қарым-қатынасқа түсудегі икемділік деңгейлерін, тіл табыса алуларын анықтау мақсатында «Қарым-қатынастағы икемділікті анықтау » тесті алынды.
Анықталғаны :
Жалпы 28 оқушы 11- сыныпта білім алуда. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары өз деңгейінде, сыныпта өзін оқшау ұстайтын оқушы байқалмайды. Тест алу бойынша өздерінің қарым –қатынастағы икемділік деңгейлерінің жақсы екенін көрсетіп отыр.
Жоспарға сәйкес 11-ші сынып оқушыларына мамандық таңдауға байланысты бағыт-бағдар берілді. Дұрыс таңдалмаған мамандық адам өміріне кері әсер ететіндігі туралы түсіндіріліп, мамандықтардың жалпы тиімділігі туралы мағлұматтар берілді.Білім алушылардың таңдаған мамандықтарын анықтау мақсатында Е.Климовтың даралап диагностикалау сауалнамасы алынды.
Нәтижесінде:
11 «А» сыныбы бойынша 18 оқушы қатысты, анықталғаны:
Адам – 6, яғни осы 5 оқушы адам ағзасымен байланысты мамандықты таңдап отыр
Табиғат – 3, яғни 2 оқушы табиғатпен, ауылшаруашылыққа байланысты мамандыққа ие болғысы келеді
Техника – 8, яғни 8 оқушы құрастыру, есептеу машиналарымен жұмыс жасауды ұнатады, болашақта програмист сияқты маман иелері болғылары келеді
Белгілеу жүйесі – 3, демек 3 оқушы болашақта заңгер, мұғалім, сот, сияқты белгілі нұсқау беретін мамандықты таңдағандарын көрсетті.
11 «Ә» сыныбы бойынша 10 оқушы қатысты, анықталғаны:
Адам – 1, яғни осы 1 оқушы адам ағзасымен байланысты мамандықты,
Табиғат – 1, яғни 1 оқушы табиғатпен, ауылшаруашылыққа байланысты мамандыққа ие болғысы келеді
Техника – 4, яғни 4 оқушы құрастыру, есептеу машиналарымен жұмыс жасауды ұнататынын көрсеткен , болашақта програмист сияқты маман иелері болғылары келеді
Белгілеу жүйесі – 3, демек 3 оқушы болашақта заңгер, мұғалім, сот, сияқты белгілі нұсқау беретін мамандықты таңдағандарын көрсетті.
Көркем бейне – 1, яғни осы оқушы өнер саласын таңдап отырғаны анықталды.
Орта буынға көшкен оқушылармен «Отбасы суреті» проективті әдістемесі жүргізіліп, білім алушылардың отбасындағы орны сонымен қатар отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынастары анықталды. Нәтижесінде жалпы білім алушылардың отбасы мүшелерімен ауызбіршілігі, сыйластығы, өзара сүйіспеншіліктері өз деңгейінде екендігі анықталды.
Сонымен қатар 5-ші сынып оқушыларынан «Пәнге қызығушылық» «Пән бойынша қиындық» әдістемесі алынып, әдістеме нәтижесінде білім алушылардың нақты қай пәннен қиналатындықтары анықталды. Атап айтсақ, биылнғы жылы жаңадан енгізілген Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы пәндерінен қиналатындықтары анықталып отыр.
Сыныбы |
Пәні |
||
Қазақстан тарихы |
Дүниежүзі тарихы |
Орыс тілі |
|
5 А |
6 |
7 |
8 |
5 Ә |
- |
- |
8 |
5 Б |
10 |
6 |
9 |
5 В |
9 |
11 |
12 |
Жоспарға сәйкес 5-ші сыныптардың бейімделулеріне психологиялық тұрғыда зерттеу, жетелеу жұмыстары жүргізілуі жалғасын табуда.
Зерттеу барысында 5 «АӘБ» сынып білім алушыларының жалпы таным қабілеттері өз деңгейінде, психологиялық жетелеуді қажет ететін оқушы байқалмады, жас ерекшеліктеріне сай дамуда.
5 «В» сынып білім алушыларының келетін болсақ, жалпы таным қабілеттері өз деңгейінде, бейімделулері жас ерекшеліктеріне сай. Зерртеу барысында алаңдатқан оқушы болды, атап айтсақ Ертай Талант, таным қабілеті орташа, зейінінің шоғырлануы жас ерекшелігіне сай емес, мазасыздығы жоғары, сабаққа деген қызығушылығының төмен екенін байқатты. Талант ОПМК тұжырымдамасы негізінде инклюзивті оқушы деп танылған, психикалық дамуында тежелу байқалады.
Инклюзивті оқытылатын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатылып, осы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, білім деңгейлері, қабілеттері туралы мәлімет жинақталып, жан-жақты жұмыстар жалғасуда.
Түзету-дамытушылық бағыт:
Мектептегі буллинг, бопсалау фактілерінің орын алғандығын анықтау, балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ақыл-кеңестер беру, тәртіпке шақыру, қолдау. Мектептегі орын алған келеңсіз жағдайға байланысты 10-шы қараша күні 8-11 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды. Нәтижесінде бопсалау, буллинг, ақша талап ету фактілерінің орын алғандығы туралы үш оқушы жазып, сол балалармен жеке әңгіме-сұхбат, анықтау жұмыстары жүргізілді. Берілген ақыл-кеңес, әңгіме сұхбат психологиялық кеңес дәптеріне тіркеліп отырды. Сауалнамадағы «Сіздің мектебіңізде бопсалау фактілері бар ма?» деген сұраққа 2 оқушы бопсалау фактілері бар екендігін жазса, келесі «Сіздің мектебіңізде қорқыту, буллинг бар ма?» - деген сұраққа 3 оқушы «иә, бар»- деп көрсетіп отырғаны анықталды.
Сонымен қатар сауалнама қорытындысына сәйкес 8-10 сынып білім алушыларымен "Мен буллингке қарсымын" тақырыбында ауқымды жиналыс өткізілді.
Мақсаты: буллинг-кибербуллингтің алдын-алу, адам бойындағы қасиеттердің ең құндысы АДАМГЕРШІЛІК екенін сезіндіру.
Кездесу барысында оқушыларға ауқымды бейнеролик көрсетіліп, жан-жақты қызу талқыланды, білім алушылар өз ойларын ортаға салып, адам бойында адамгершіліктің алатын орны туралы, көрсетілген бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісті. Буллингтің күәгері болған жағдайда не істеу керек екендігі туралы өз ойларын жарыса ортаға салды.
Сонымен қатар сауалнама қорытындысына сәйкес 7-10 сынып білім алушыларымен "Өмірдегі өз ағысыңды тап" тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді
.
Тренинг барысында ортаға ойынның бірінші кезеңінде өз еркімен 10 оқушы шығарылып, оларға жіпке тізілген ақ қағаз ұсынылды. Қолдарына түрлі бояулар беріліп, сол бояулармен жіпке ілінген ақ қағазға болашақта бала өз өмірін қалай елестетеіндіктерін сурет арқылы көрсету тапсырылды. Бірақ сол суретті аяғына дейін салу тек бір адамға ғана байланысты емес екендігі түсіндіріліп, жүргізушінің бұйрығы бойынша оқушылар әр минут сайын орнын ауыстырып, келесі суретті жалғастыратын түсіндірілді. Осылайша ойынға келесі 10 оқушыдан тұратын топ шақыртылып, келесі бетіне болашақта өзінің білім алып отырған мектебін қалай елдестететіндігі туралы, сонымен қатар өздері қандай үлес қосатындықтары туралы суретке бейнелеп беріп, салған суреттері бойынша өз ойларын білдіру тапсырылды. Барлық қатысушылар өз ойларын жарыса білдіріп, қызықты болғанын айтып өтті.
Қорытындылай келе тренинг соңында оқушыларға жан-жақты түсіндірме жүмыстары жүргізіліп, келеңсіз жағдайларды бірлесе отырып болдырмауға, «буллинг», «кибербуллинг» орын алған жағдайда оны шеше білуге шақырып, ақыл-кеңестер беріліп, психологиялық қолдаулар көрсетілді.
Консультациялық бағыт:
8 сынып оқушысы Мәденқызы Айзаданың әкесі, 4,7 сынып оқушылары Мақсутова Г, және Мақсутов Н. Атты оқушылардың апасы шақыртылып бала тәрбиесіне, сабақты себепсіз қалдырмауын, бала ұқыптылығына, тазалығына, санитарлық норма, мектеп талаптарын, киім кию үлгісін қатаң сақтауына байланысты ақыл-кеңестер берілді.
6 «Б» сыныбындағы таным қабілеті төмен, ортаға бейімделуінде қиындықтар орын алған, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуінде түсініспеушіліктер болып жатқандығы анықталған оқушы Әнуар Сымбаттың анасы шақырту керектігі ескертілген, сынып жетекшісі Пәзілұлы Ерасылға бірнеше рет ата-ананың келуін ұйымдастыру керектігі ескертілсе де талап орындалмады.
Ағартушы-профилактикалық бағыт:
Келеңсіз жағдайдың орын алуына байланысты 9,10 сынып оқушыларымен ағарту – профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ата-аналары шақыртылып, психологиялық түзету- дамыту, ақыл-кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Үйден оқытылатын және инклюзивті білім алып отырған оқушылардың ата-аналарына бала дамуында кездесетін қиындықтар туралы ақыл-кеңестер беріліп, жан-жақты қолдаулар көрсетілді.
Жас мамандардың бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлқындағы ерекшелігін анықтау, жан-жақты бейімделулеріне көмектер көрсету, жеке әңгіме-сұхбат жүргізу, педагог этикасы, субординация туралы түсініктерін кеңейту, яғни ақыл-кеңестер беру жұмыстары жүргізілуде.
Аптасына екі рет мектепішілік «Сенім жәшігі» ашылып, келіп түскен хат-хабар туралы мәлімет туралы актісі жазылып отырады. Қазіргі таңда алаңдатарлықтай хат хабардың келіп түспегені анықталды.
Әлеуметтік бағыт:
Үйден оқытылатын оқушылардың отбасылық тұрмыстық жағдайларын анықтау мақсатында санитарлық нормаларды сақтай отырып, әрбір оқушының үйіне рейд жасалынып, отбасылық тұрмыстық жағдайлары, баланың оқу бұрышы, денсаулығы, биылғы оқу жылына дайындығы анықталып, актілері толтырылды. І жарты жылдық соңында үйден оқытылатын балалардың өсу динамикасы жасалынды.