20
август
2024
Педагог-психологтар үшін тамыз кеңесі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық Білім бөлімі тарапынан 2024 жылы тамыз айының 20 күні білім беру ұйымдарының педагог-психологтары үшін тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесінің бағдарламасына сәйкес Шелек ауылы Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебінің педагог-психологі М.Н.Сандыбаева "ЕНТ-ға психологиялық дайындық шеңберінде суицидтің алдын-алу" тақырыбында баяндама оқып, тақырыпқа сәйкес ауқымды тренинг өткізіп, кері байланыс ұйымдастырды. Мақсаты ЕНТ тапсыратын оқушылар арасында суицидтің алдын-алу шараларын түсіндіру, оны болдырмау жолдарын қарастыру.