20
август
2024
АӘжТД пән мұғалімдері үшін тамыз кеңесі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы №6 мектеп-лицейінде 2024 жылы тамыз айының 20 күні білім беру ұйымдарының АӘжТД пән мұғалімдері үшін тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесінің бағдарламасына сәйкес Шелек ауылы Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебінің АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы "Жауынгерлік рухты нығайту - әскери патриоттық тәрбиенің әдіснамалық негізі" тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты: Қазақстан жастары арасында жауынгерлік рухты нығайту және патриотизмді қалыптастыру әдіснамасын зерттеу, сондай-ақ оқытудың әскери-патриоттық бағытын күшейтудің неғұрлым тиімді әдістері мен құралдарын анықтау болып табылады.