2022-2023 оқу жылы АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысының қорытынды жылдық есебі » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысының қорытынды жылдық есебі
17
июль
2023

2022-2023 оқу жылы АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысының қорытынды жылдық есебі

«Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің 

АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысының қорытынды жылдық есебі

2022-2023 оқу жылы

        Биылғы 2022-2023 оқу жылының басында АӘД пәні бойынша тамыз айының 24-нен 26 дейін Қаракемер ауылында АӘД пән мұғалімінің 3-күндік семинарына қатыстым. Семинарда жаңа оқу жылының бағдарламасын айтып өтті. Жалпы бағдарлама бойынша өзгеріс жоқ, тек технология сөзі кіріктірілді. Оқу жылының басында платц, қару жарақ бөлмесі, кабинет ретке келтірілді. Күнтізбелік, сабақ жоспарлар, жылдық жоспар, айлық жоспар, апталық жоспар, оқу жылының басталуы туралы бұйрық шығарылды. Қыркүйек айының екінші аптасында взвод командирлерді тағайындау туралы бұйрық шығарылды. Әр айдың 3-ші аптасында ұлдар жиналысын өткізіп тұрдым. Әр сабақта қауіпсіздік ережесімен таныстырдым. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде взвод командирлерімен жиналыс өтіп тұрамын. 18-20 қазан аралығында біліктілгінің арттыру курсына бардым.

2022 жылдың қазан айының 26-ші жұлдызында Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2000-2001 жылы туылған ер-балалардың тізімдері өткізілді.

         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мақсатын ер балалардың Отанды қорғауға деген Конституциялық міндетін түсіндіріп, әскери қызмет қиындықтарына шыңдауға үйрету жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. АӘжТД және денешынықтыру пән бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Осы апталықта «ҚРҚК Ішкі қызмет жарғысы» тақырыбында 1 ашық сабақ және «Болашақ сарбаз» атты әскери спорттық жарыс тақырыбында   ашық шара өткізілді.

Азаматтық қорғаныс күнінің қорытындысы бойынша азаматтық қорғаныстың мектепішілік «ТЖ кезіндегі іс-қимылдар жайлы нұсқаулық пен жаттығуды өткізу туралы» жоспарына сәйкес Азаматтық қорғаныс күні мына жоспар бойынша өтті:

  1. Сәуірдің- 4 күні «ТЖ кезіндегі іс-қимылдар жайлы нұсқаулық пен жаттығуды өткізу туралы» жоспар бекітілді.
  2. «Азаматтық қорғаныс күнін өткізу туралы» мектеп директорының бұйрығы шығарылды.

     Бекітілген жоспар бойынша 04- сәуір күндері жалпымектептік «ТЖ кезіндегі іс-қимылдар жайлы нұсқаулық пен жаттығуды және Азаматтық қорғаныс күнін өткізу туралы» іс-қимыл жаттығуын өткізуге дайындық жүргізілді.

     «Апаттық жағдайлар кезіндегі оқушылардың, мұғалімдер мен мектеп жұмысшыларының жеке құрамының іс-қимылы» тақырыбы бойынша Азаматтық қорғаныс күні өткізілді.

      Бұл күні оқушылар өздерінің ТЖ кезіндегі іс-қимылдар біліктіліктері мен дағдыларын қолданбалы түрде қалыптастырды.

     Оқушыларды ТЖ кезіндегі іс-қимыл әдістерімен таныстыру  және ТЖ кезіндегі іс-қимыл жаттығуын өткізу барысында оқушылардың іс-қимылын ұйымдастыру сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне жүктелді.

      Сонымен қатар, жалпымектептік жаттығуды өткізуге дайындықтар барысында мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж. Босқынбаевқа барлық қосалқы есіктердің дайындығын тексеру  және жаттығу өткізуге керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету жүктелді.

ТЖ кезіндегі іс-қимыл жаттығуын өткізу АҚ штаб бастығы Курмамбаева Р.М. және АӘД-тың ұйымдастырушысы А.Сыдықбаевқа жүктелді.                                                                                                                                      

Жалпымектептік  жаттығуды өткізу жоспары бойынша жаттығуды екі ауысымда өткізілді:

  I – і ауысым – 1-сынып  және 8 – 11 сыныптармен өткізілді.

  II – і ауысым – 3-7 сыныптармен өткізілді.       

-  жалпымектептік  жаттығуды өткізудің басшысының орынбасары болып келесі мұғалімдер тағайындалды: -  М.Найманов,  Д.Итжанов

     Азаматтық қорғаныс күнін өткізу барысында ескертулер болған жоқ және эвакуация өткізген кезде іс-қимылдарды жоғары деңгейде ұйымдасқан түрде өткізген сыныптар мен сынып жетекшілері жақсы жақтарынан аталып өтілді.

      Осы шарада 10 «А», 10 «Ә» сыныптар  арасында 1 орын алған 10 «а» сыныбы.  Еңбекшіқазақ аудандық жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткен Ұлы жеңістің 78 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 31 жылдығына арналған «ҮЗДІК КОМАНДИР-2023» әскери-спорттық ойынында 2 орын алған 11 «Ә» сынып оқушысы Сусарбай Нұрбақыт марапатталды. «1 наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс» күніне орай сейсможаттығу өткізілді. 15.05. 2023 күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Премьер-Министрі  Ә.А. Смайыловтың 2023 жылы 27 сәуірдегі №15.11. /Б-272 тапсырмасына сәйкес мектепте оқу-жаттығулары өткізілді. Оқушылар арасында өмір қауіпсіздігінің негіздері туралы әңгімелері жүргізілді. 

2023 жылдың 27 сәуір күні Шелек ауылы Абай мектебінің базасында «Жас-Ұлан» әскери-спорттық ойынына мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысып келді.

2023 жылдың 26 мамыр күні 9-10 сынып ұлдарымен «Электронды темекінің зияны» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.

2023 жылдың 25.05-31.05 күндері аралығында 10-сынып оқушыларымен далалық-оқу жиыны өткізілді.

                                                   АӘжТД пәнінің ұйымдастырушысы: А.Е. Сыдықбаев