"Ауыл олимпиадасының" ашылу салтанаты » « Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)762-05-01
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2023

"Ауыл олимпиадасының" ашылу салтанаты

20.11.2023 күні Шелек ауылы Ы. Алтынсарин атындағы №1орта мектебінде "Ауыл олимпиадасының" ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында Шелек селолық округі әкімшілігінің бас маманы А.Юсупова келіп құттықтау сөз сөйледі.Мектеп директоры М. М. Искаков сөз кезегін алып,оқушыларға сәттілік тіледі.Мектеп директорының орынбасары.С.Каипбаева сөз кезегін алып,оқушыларды олимпиада кестесімен,ережелерімен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың 12 қазандағы №307 "2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы" бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде Ауыл мектептерінің олимпиадасы тұңғыш рет өткізіледі. Мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы. Ауыл олимпиадасының бастапқы кезеңіне мектебімізден жалпы-44 оқушы қатысады деп жосрарланып отыр. Oqulyq. kz платформасы негізінде "бір қатысушы-бір компьютер-бір камера" болатындығы ескертілді.